Шымкенттегі атыс: Кісі өлтірген күдіктілер Алматыда ұсталды

Шымкенттегі атыс: Кісі өлтірген күдіктілер Алматыда ұсталды

12 тамызда Алматыда үш күдікті ұсталды

Сурет : spbdnevnik.ru21 Тамыз 2020, 11:39

10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп, оларды Алматыдан ұстады, деп хабарлады zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми сайтында хабарланғандай, 12 тамызда Алматыда күдіктінің үшеуі ұсталды. Барлығы Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олар өз кінәсін мойындап, куәлік берді.

14 тамызда мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді екі айға қамауға алды.

10 тамызда Шымкенттегі «Гранд Прага» мейрамханасында атыс болып, салдарынан мейрамхана келген тұтынушының бірі қаза тапты, тағы біреуі жараланып, ауруханаға түсті.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы, «Адам өлтіру» және 287-бабы, «Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *