Өзбекстанда көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды

Өзбекстанда көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды

Фото Nuz.uz сайтынанФото Nuz.uz сайтынан

Өзбекстанда көлік қозғалысы демалыс күндері толығымен тоқтатылды, — деп хабарлады  kaz.tengrinews.kz   Nuz.uz. -ға сілтеме жасап.

Арнайы республикалық комиссияның 25-26 шілдедегі (сенбі және жексенбі) шешіміне сәйкес, көліктер, соның ішінде желілік емес таксилердің қозғалысы елде толығымен тоқтатылды.

Шектеулер көліктердің жекелеген санаттарына қолданылмайды (жапсырмасы бар автокөліктер және жапсырмасыз жүруге рұқсат етілген автокөліктер).

Осы демалыс күндері Өзбекстан азаматтарына үйде болуға және оқшаулануға кеңес берілді.

Сенбіде Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған тағы 395 адам табылғанын хабарлады. Елде COVID-19 жұқтырған адамдардың жалпы саны 19 755-ке жетті, аурудан жазылғандар — 10 472. 109 науқас қайтыс болған

kaz.tengrinews.kz/tmd/ozbekstanda-kolk-kozgalyisyi-tolyigyimen-toktatyildyi-311074/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *