ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ «ТӨЛЕМ» ТРАНЗАКЦИЯЛАРЫ ЖАҢА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ «ТӨЛЕМ» ТРАНЗАКЦИЯЛАРЫ ЖАҢА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

slider
Шымкент қаласында қоғамдық көліктердегі ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылған болатын. 9 қарашадан бастап сараланған тариф енгізілді, яғни қолма-қол төлем 100 теңгені, электронды төлем 70 теңге болып бекітілді.
Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Төлем» жүйесі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.
Электрондық TOLEM жүйесінде рекорд 202 331 — ге жаңартылды.
Атап айтқанда, 150169 транзакция картамен жасалынған, 50 160 транзакция қолма-қол, 1 552 төлем sms код жіберу арқылы жасалынған.
Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол ақысын ҚОЛМА-ҚОЛ төлеген жағдайда міндетті түрде ЧЕК талап етіңіздер.
Айта өтсек, карталарды қаладағы 350 сауда нүктелерінен, «Зерде» дәріханаларынан және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады.
Жүйенің жұмысын жақсарту мақсатында Онлайн режиммен қатар, оффлайн режим енгізілді және төлемдерді SMS арқылы төлеуге болады.
Электрондық жүйеге мониторинг жүргізу үшін «ЦДС» МКМ-де арнайы 11 топ құрылып, аталған топтар тұрақты түрде көлік бағыттарында жұмыстар атқарады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *