Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Полиция инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

25 маусымда Қарағандыда коммерциялық фирманың ақшасын банкке апара жатқан инкассатор автокөлігіне шабуыл жасалды.

Шабуыл алдын ала жоспарланған. Қылмыскерлер қала көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасын ұйымдастырып, қарумен қорқыта отырып инкассаторлардан 70 миллион теңге алып қашқан.

Жедел-тергеу тобы автомобильге шабуыл жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтады. Қылмыскерлер әртүрлі бағытта жасырынуға тырысқан, сондықтан оларды ұстау бойынша арнайы операция бір уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында өткізілді.

Күдіктілердің бірі автотрассада, қалғандары — барған жерінде ұсталды. Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қарағанды облысының үш тұрғыны ұсталды.

Тінту барысында ұрланған қаражаттың бір бөлігі — 30 миллион теңге және газ тапанша тәркіленді. Қылмыстық топтың төртінші қатысушысына іздеу жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *