Біртановтың денсаулығы жақсарды

Біртановтың денсаулығы жақсарды

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар ҚазанғаповСурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы туралы айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Елжан Аманбайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шығып, қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, коронавирустан емделіп жатқан Елжан Біртанов министр қызметінен босатылды.

Еске салайық, 14 маусымда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Диагнозы — пневмония.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *