Шымкентте көпірден секіріп кетпек болған әйел құтқарылды

Шымкентте көпірден секіріп кетпек болған әйел құтқарылды

Авторы polisia.kz 2

Шымкент қалалық полиция қызметкерлері көпірден секіріп кетпек болған әйел адамды дер кезінде құтқарып қалды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері А.Төртбай, М.Бектас, Б.Әбдікәрімов, Н.Себаев шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқан.

Сол уақытта Қапал батыр көпірінің үстінен секірейін деп тұрған белгісіз әйел адамды байқап қалады. Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, оның жанына барды.

Полицейлердің біреуі әйелді сөзге тартып тұрғанда, қалған үш полицей оны көпірден тартып, түсіріп алды. Осылайша, тәртіп сақшылары бір адамның өмірін сақтап қалды.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *