Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясын емдеу курсынан сәтті өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері теріс нәтиже көрсеткен коронавирусқа бақылау тестінен өтті.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Диагноз коронавирустың симптомсыз түрі деп қойылды.

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдаған еді. «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы Нұрлан Нығматулинге мықты денсаулық және бар жақсылықты тілейді.

https://www.inform.kz/kz/nurlan-nygmatulin-koronavirustan-zhazylyp-shykty_a3668234

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *