Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді

Вице-министрдің айтуынша, температураны басқа да стероидты емес препараттармен түсіруге болады

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халық арасындағы жоғары сұранысқа ие препараттарды дәріханаларға жеткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі кезде парацетамолды дәріханаларға таратып жатыр. Алматыда бар, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында сатылуда. Алдағы екі-үш күнде басқа аймақтарға да жеткізіледі», — деді Бюрабекова бүгінгі онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, температураны басқа да стероидты емес препараттармен түсіруге болады. Мәселен, Ибупрофен бар.

«Бірақ парацетамол болсын, Ибупрофен болсын, бәрін тек нұсқаулықпен ғана қабылдау қажет. Себебі бауырға уытты әсері бар. Сондықтан ондай препараттарды күніне үш-төрт рет қана қабылдауға болады», — деп атап көрсетті Бюрабекова.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Ингавирин» препаратының 70 мың қаптамасы да сатып алынды. Оны осы аптаның ішінде Қазақстанға әкеледі.

«Сонымен қатар «Тамифлю» препаратының 49 мың қаптамасын сатып алдық. Ол да аптаның аяғына дейін дәріханаларға түседі», — дейді Бюрабекова.

https://sputniknews.kz/society/20200701/14366793/Paratsetamol-densaulyq-ministri.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *