Ақтау маңында серуендеп жүрген арыстанның видеосы тарады

Ақтау маңында серуендеп жүрген арыстанның видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тарады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Жігіттер, арыстан жүр, абай болыңдар. Қызық, әрине. Бірақ абай болыңдар», — дейді видео авторы.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 25 маусымда болған.

«Шамамен сағат 05:30-да 102 кезекші пультіне Ақшұқыр ауылында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақыртуға Департамент басшылығы, полиция департаментінің ӨМБ табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Кейін арыстанды ұстапты. Ол аман-сау. Қазіргі уақытта оның қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aktau-manyinda-seruendep-jurgen-aryistannyin-videosyi-309911/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *