Мәскеуге ұшып барса да Қырғыз президенті Жеңіс парадына қатыса алмады

Мәскеуге ұшып барса да Қырғыз президенті Жеңіс парадына қатыса алмады

Өйткені Қырғыз президентімен Мәскеуге еріп барған делегаттардың екеуінен коронавирус анықталды.

Сурет : president.kg24 Маусым 2020, 14:44

Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбеков өзімен Мәскеуге еріп барған қырғыз делегациясындағы адамдардың екеуінен коронавирус табылуына байланысты Жеңіс парадына қатыспады, деп хабарлады zakon.kz.

— Алгоритмге сәйкес, Президент Сооронбай Жээнбеков және оның жанындағы делегация мүшелері Мәскеуге келгеннен кейін коронавирусқа байланысты тексеруден өтті. Делегация құрамындағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Алгоритмге сәйкес, Жээнбеков Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараға да қатысудан бас тартуды жөн деп шешті.

Бүгін, 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс парады өтіп жатыр. Оған Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия президенттері қатысуда. Қырғызстан Президенті де Владимир Путиннің шақыруын қабыл алып, 23 маусымда Ресей астанасына ұшып келді.

https://kaz.zakon.kz/5029110-m-skeuge-shyp-barsa-da-yr-yz-prezident.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *