Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын, дейді.

Сурет : instagram / bekbolat.tleukhan12 Маусым 2020, 09:34

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да коронавирус індетін жұқтырып алғанын жазды, деп хабарлады zakon.kz.

«Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!» деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.

https://kaz.zakon.kz/5027212-deputat-bekbolat-t-leuhan-koronavirus.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *