Ақтөбе облысындағы комбинатта газ құбыры өртеніп кетті

Ақтөбе облысындағы комбинатта газ құбыры өртеніп кетті

Видео кадрыВидео кадры

Хромтау қаласында Дөң кен байыту комбинатында өрт болды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ құбыры өртеніп кетті , — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан видео пайда болды.

«9 маусым шамамен сағат 10:30-да 214-S-04 скруберінің конусында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде УП-1 ФОР АО ДГОК аймағында газ құбыры өртеніп кетті. Өрт сағат 11:00-де сөндірілді», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Өрт кезінде ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, Дөң кен байыту комбинаты — хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aktobe-oblyisyindagyi-kombinatta-gaz-kubyiryi-ortenp-kett-309362/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *