ЖОЛ КӨЛІК АПАТЫ 5 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып,  5 адам көз жұмды

Ақтөбенің Бестамақ ауылы маңына екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 12:15-те «Ақтөбе-Астрахань» тасжолы бойында «Тойота-Ипсун» және «Лада-Ларгус» көлігі соқтығысты.

«Алдын ала болжам бойынша, «Тойота-Ипсун» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп «Лада-Ларгус» көлігімен соқтығысты.

Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Аудандық ауруханаға бес адам жеткізіліп, тағы үш адам мерт болды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

https://www.inform.kz/kz/aktobede-eki-kolik-soktygysyp-5-adam-koz-zhumdy_a3659704

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *