Қарағандыда атыс: екі адам жарақат алды

Қарағандыда атыс: екі адам жарақат алды

Видео кадрыВидео кадры

Қарағандыда белгісіз біреу атыс шығарып, екі адам зардап шекті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті. Тәртіп сақшылары оқиға 9 маусымда болғанын растады.

«Белгісіз біреу сөзге келісіп, тіркеуде жоқ қарудан екі адамға оқ атқан. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — дейді Қарағанды облысы ПД департаменті өкілдері.

Полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының, 3-бөлігі бойынша іс қозғады.

https://kaz.tengrinews.kz/events/karagandyida-atyis-ek-adam-jarakat-aldyi-309356/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *