Оралда браконьерлерден үш жүздей киік мүйізі тәркіленді

Оралда браконьерлерден үш жүздей киік мүйізі тәркіленді

Бұл дерек Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 339- бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады  .inbusiness.kz

Оралда браконьерлерден үш жүздей киік мүйізі тәркіленді

Оралда браконьерлерден үш жүздей киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары арнайы рейд барысында үш жүзге жуық киік мүйізін алып келе жатқан браконьерлерді қолға түсірді.

Олар Ақжайық ауданының Чапаев ауылының маңындағы «Атырау-Орал» тас жолында ресейлік нөмірлі «SUZUKI» маркалы автокөлігінде болған,

дегенмен, жүргізуші жергілікті азамат болып шықты. Көлікке 280 дана киік мүйізі тиеліпті. Бұл дерек Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп,

ҚР Қылмыстық кодексінің 339- бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қызыл Кітапқа еніп, аулауға тыйым салынған киік ҚР Үкіметінің «2023 жылға дейін киіктерді пайдалануға шектеу қою туралы» қаулысы аясында қорғалады.

Ал Орал популяциясы киіктерін қорғау бағытындағы рейдтер тұрақты өткізіліп тұрады.

Соның арқасында соңғы жылдары бөкендердің қарасы көбейіп, мал басы көбейіп келеді.

Өткен жылы әуеден жүргізілген санақ бойынша олардың саны 215 мыңға жеткен.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Райымбек Шампаев түсіндіргендей,

Батыс Қазақстан облысын мекендейтін Еділ-Жайық популяциясына жататын киіктер Ақжайық, Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы,

Жаңақала және Тасқала аудандарын мекендейді. Ал көктемгі төлдеу маусымында Казталов және Жәнібек аудандарының аумағына шоғырланады. Құралай Қуатова

https://inbusiness.kz/kz/last/oralda-brakonerlerden-ush-zhuzdej-kiik-mujizi-tarkilendi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *