ШЫМКЕНТТЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Биыл Шымкентте үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық. Атап айтқанда, Абай ауданы — 680 га, Әл-Фараби ауданы -100 га, Еңбекші ауданы — 400 га, Қаратау ауданы-630 га құрап отыр.


Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды.
Тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізіп жатыр.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» ММ қалалық филиалы мен қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп алдын ала анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда қала бойынша 600 гектар алқапқа аспалы және тіркемелі бүріккіштермен химиялық өңдеу жасалды.

 

Заманауи техникалар қолданылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *