Несиені төлеймін деген: Түркістан облысында ер адам қомақты қаржымен жоғалып кетті

Несиені төлеймін деген: Түркістан облысында ер адам қомақты қаржымен жоғалып кетті

Түркістан облысында әйел адамның барлық несиесін төлеуге уәде беріп, із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігіт іздестірілуде деп хабарлады KAZ.NUR.KZ ІІМ Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Несиені төлеймін деп уәде берген: Түркістан облысында ер адам қомақты қаржымен жоғалып кеткен

 

Көрнекі фото: pixabay.comАвтор: Қаламқас Төре

Отырар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазып, жас жігіттің өзін алдап кеткеніне шағымданған.

Белгілі болғандай, жігіт несие төлемінің 10 пайызын сыйақы ретінде алу үшін оның барлық төлемдерін өтеуге қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін айтқан.

Келіншек оған сеніммен қарап, 700 мың теңге беріпті. Ал содан кейін ер адам мүлдем жоғалып кеткен.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалып, көп ұзамай күдікті ұсталған. Ол Түркістан облысының басқа ауданының тұрғыны болып шықты.

Ер адам бөлімшеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 16 алдау фактісіне қатысы бар екендігі белгілі болды.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті қамауда. Қазір оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында егде жастағы әйел талапкерді оқуға түсіруге көмектесемін деп уәде беріп, 2 миллион теңгені қолды қылғаны туралы хабарлаған едік.

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

https://kaz.nur.kz/1859380-nesieni-tlejmin-degen-trkistan-oblysynda-er-adam-komakty-karzymen-zogalyp-ketti.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *