ӨЗБЕКСТАНДА COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 237 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Өзбекстанда бір тәулікте 237 коронавирус жұқтырған жан тіркелді

Өзбекстанда бір тәулікте 237 коронавирус жұқтырған жан тіркелді

7 маусым күні Өзбекстанда вирустану жағдайы рекордты нәтижені көрсетіп, бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат тіркелді, деп жазды ӨзА агенттігіДенсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша Өзбекстанда бүгін 237 кісіде коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4331-ге жеткені айтылады.

Жаңадан вирус жұқтырғандардың дерлік баршасы карантиндегі бақылау орталығындағылардан анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар.

Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шыққан болып, олардың жалпы саны 3354-ке жетті. Ал бүгінге дейін 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.

http://uza.uz/kz/society/zbekstanda-bir-t-ulikte-237-koronavirus-zh-tyr-an-zhan-tirke-07-06-2020

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *