Павлодар облысында күшті жел шатырларды ұшырып, дуалды қиратып кетті

Павлодар облысында күшті жел шатырларды ұшырып, дуалды қиратып кетті

Павлодар облысында күшті жел шатырларды ұшырып, дуалды қиратып кеттіфото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында күшті жел тұрып, кешкісін бірнеше ғимараттың шатыры жұлынып, облыс орталығында дуал құлаған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Табиғи апаттан бірінші металлургтер қаласы зардап шеккен. Ақсу қаласында екпінді жел салдарынан Әуезов көшесінде орналасқан «Шолпан» төртқабатты қонақүй кешенінің 600 шаршы метр шатыры жұлынды. Ғимарат 1971 жылы салынған, оның жалпы ауданы – 1616,7 шаршы метр. Сонымен бірге, Ақсу қалалық ауруханасының екіқабатты ғимаратының 300 шаршы метр аудандағы шатыры жұлынған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Тағы бір оқиға Ақсу қаласының Жолқұдық ауылдық аймағында болған. Мұнда қатты желдің салдарынан Мәдениет үйінің шатыры жұлынды (80 шаршы метр). 1968 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы 500 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Железин ауданының Еңбекші ауылында қатты жел салдарынан ауылдық мектептің үшқабатты ғимаратының 240 шаршы метр шатыры жұлынды. Шатырдың ағаш торламасы шиферден салынған.

«Облыс орталығында дауылды жел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің металл қоршауы мен оның кірпіш бағаналарын құлатқан», — деп қосып өтті ведомстводан. 1 маусымда Павлодар облыстық ТЖД «Дәрмен» қосымшасы арқылы желдің 18 метрге дейін күшейетіні туралы ақпарат таратты. Дауыл болатыны туралы ескерту облыс орталығындағы ұялы телефон абоненттерінің барлығына таратылған.

https://www.inform.kz/kz/pavlodar-oblysynda-kushti-zhel-shatyrlardy-ushyryp-dualdy-kiratyp-ketti_a3656749

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *