«ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ»

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда  уақыт өткен сайын өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары артып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысымен 50 мыңнан астам адамға мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетілген.   2016 жылы бұл көрсеткіш 47 мыңға жуық болғанын ескерсек, 6,7 пайызға арттқан. Өңіріміздегі мүгедектердің 19194-і немесе 15,8%-ын балалар құраса, қалғаны 18 жастан жоғары ересектер, яғни 84,2%.

Өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға тек әлеуметтік жағынан көмек көрсетілмей, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ерекше ден қойылуда. Облысымызда орналасқан облыстық мүгедектерге арналған кешенді спорт мектебін ерекше атап өту қажет. Өйткені, бұл мектеп кәсіби спортшыларды даярлайтын бірегей мекеме. 2017 жылмен салыстарғанда мектептің көрсеткіштері артқаны байқалады, әсіресе, жасөспірім спортшылар саны (2017 жылы 142, 2018 жылдың 8 айына 173). Аталмыш мектептің жетістіктері де мақтанарлық. Ағымдағы жылы мектептегі кәсіби спорт шеберіне үміткерлер саны артып 12-ні құраған. 2017 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы Азия ойындарында 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленген. Ал, әлемдік чемпионаттарда 4 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль қанжығаланған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 1 алтын, 1 күміс медальмен шектелген болатын.

Өңіріміздің спортшылары 2022 жылы Бейжіңде өтетін Паралимпиада ойындарына қызу дайындалуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *