Спорт комитетінің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды

Спорт комитетінің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды

© Тұрар Қазанғапов© Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысында Антикоррупция қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамады

Сот олардың біріне қатысты бұлтарпау шарасын қабылдап, екі айға қамауға алды. Олар 300 орынға арналған оқу қорпусының құрылысын бөлінген ақшадан 380,8 миллион теңге жымқырған», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты шешімді сот шығарады деді ол.
https://kaz.tengrinews.kz/crime/sport-komitetnn-buryingyi-jane-kazrg-oryinbasarlaryi-308936/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *