ШЫМКЕНТ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

 Шымкент: Жеңістің 75-ші көктеміне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі.

slider

9 МАМЫР: ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН 40 МАЙДАНГЕРГЕ  МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН  БІЛДІРЕДІ. АҚШАЛАЙ ТӨЛЕМ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖЕСІРЛЕРІНЕ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МЕН БАСҚА ДА БІРҚАТАР САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.

Атап айтқанда, 3 851 тыл ардагеріне  33 336 теңге,  1 490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге,  31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып, мүгедек болып қалған бұрынғы  КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне  33 336 теңге, қайтыс болған  224 ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне   33 336 теңге беріледі.

    Бұдан бөлек, Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған бес азаматқа 63 894 теңгеден, бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде мүгедек болып қалған 346 әскери қызметшілерге 105 564 теңгеден біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

  ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН ЖАНДАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

ЕЛ ҮШІН ЖАСАҒАН ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *