Шымкентте 1 науқас коронавирустан көз жұмды.

Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова онлайн-брифингте айтты.

1964 жылы .дүниеге келген науқас Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент елді мекенінің тұрғыны.

Ауыр жүк көлігінің жүргізуші 3 сәуір күні «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жәрдем көмегімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимацияға жатқызылған. Індет жұқтырған науқастың жағдайы туралы республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы аурулары – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ, бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды.

Марқұмның денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.

Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *