ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты.

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев қатысқан брифингте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар жайы сөз болды.

– Тұрақтандыру қорында 2 млрд 200 млн теңге бар. Тұтынуға ең қажетті деген 11 тауар түрінің бағасын көтермеу бойынша GraMad гипермаркетімен келісім-шартқа отырдық. Олар бір жыл бойы тауарларды біз қойған шекті бағасынан асырмайды. Қазір азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруда осындай жолдарды қарастырып жатырмыз, – деді М.Исахов.

Алдағы кезектегі жұмыс – нан бағасының қымбаттауына жол бермеу. Енді әкімдік тарапынан наубайханаларға арзандатылған бағамен ұн таратылады. Сондықтан нан бағасы 75 теңгеден аспайтын болып келісіліп отыр.

Қала басшысының орынбасары тауардың 36 түрі бойынша қор жеткілікті екенін, сондықтан тұрғындарға азық-түлік таусылып қалады деп, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

— Бүгінгі қиын жағдайларға байланысты кәсіпорындар жұмыскерлерді уақытша демалысқа шығарып жатыр. Қала аумағындаға 400 кәсіпорынға хабарласып, сарапта жұмыстарын жүргіздік. Жұмыскерлер ең төменгі жалақыға қол жеткізуде сарсаңға салмауда палатада онлайн формат жақын арада іске қосылады, — деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлан Қабыштаев.

https://shymkent.gov.kz/kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *