ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

Облыс көлемінде кенеден жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар қолға алынды. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы биыл «Энзоотиялық» ауруларға қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын 30 наурыздан бастайды.

Зиянкестердің табиғи ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Эпидемиялық аумақтарда мұндай шаралар жыл сайын кемінде екі рет, көктем, күз мезгілдерінде өткізіледі. Түркістан облысындағы ветеринария саласы мамандарының алдағы бір айлық жоспары ауқымды. Биылғы 66,8 млншаршы метр қора мен 28,5 млн шаршы метр мал иірімдер мен суаттар, бұталар залалсыздандырылады. 2,5 млн ірі қара мен8,4 млн уақ мал дәріленеді.

Аудан, қалалардағы ветеринар мамандар қажетті құрылғылар мен дәрі-дәрмектермен, арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген.Облыс бойынша 2018 жылы 3360 адам кене шағып ауруханаға түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 12 % азайған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *