ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МОБИЛЬДІ ТОП НАҚТЫ ШАРАЛАР АТҚАРУДА

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МОБИЛЬДІ ТОП НАҚТЫ ШАРАЛАР АТҚАРУДА
Түркістан қаласы тұрғындары күә болғандай, ағымдағы жылдың 21-22 наурызы аралығында «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарларында көрші облыстардың көтерме сатып алушыларының ірі көлемде азық-түлікті сыртқа тасып әкетуі себебінен негізгі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы 30-40 теңгеге (40-60 пайыз) қымбаттап, тауар тапшылығы орын алған болатын.
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МОБИЛЬДІ ТОП НАҚТЫ ШАРАЛАР АТҚАРУДА
Осыған байланысты, Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің шұғыл тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай — ӘМАТ) бағасының Төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды.
Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің жетекшілігіндегі Мобильді топ құрамына: облыстың аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары, Прокуратура, Түркістан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Экономикалық тергеу, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары және Кәсіпкерлік палатасының директоры, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері енгізілді.
Түркістан облысы аумағындағы сауда нысандардағы ӘМАТ бағасының көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспары бекітіліп,                       іс-қимыл алгоритмі дайындалды.
Ағымдағы жылы 24 наурызда сағат 09:00 шұғыл мәжіліс ұймдастырылып, алдын-ала iс əрекет алгоритмi нақтыланды. Жұмысшы топ толық құрамда базарға шықты. Сағат 10:00 «Алтынбұлақ» базары ашылғанға дейiн барлық Кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарының  əкiмдерi бастап келген Кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды. Сенбi, жексенбі күнгi базар нарқынан: картоп-35 теңге (120-130); пияз, капуста-20 теңге (75-80) тɵмен. Ұн, макарон, май, күрiш, құмшекер т.б. бекiтiлген шектi мəн тɵңiрегiнде. Бағалар тұрақты. Базарларда адам саны қалыпты, дүрлiгу жоқ.
Одан әрі, мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап,  азық-түлік дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, сатып алушылардың саны кɵп еместiгiн, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Орын алған жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық және дезинфекциялық шаралды қолдану керектігі айтылды. Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.
Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев бастаған мобильді топ Қызылорда облысының шекарасында орналасқан Сауран ауылдық округіндегі блокпосттың жұмысымен, азық-түлік тасымалдану жағдайымен танысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *