22 наурызда Алматы толықтай жабылады

22 наурызда Алматы толықтай жабылады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. Ал 22 наурызда Алматы толықтай әуе және теміржол қозғалысын тоқтатады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

«22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады», — деді ол.

Еске садайық, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырған

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/22-nauryizda-almatyi-tolyiktay-jabyiladyi-306339/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *