Коронавирус: Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Коронавирус: Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ең кемі 300 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚазАқпарат

 

Коронавирус: Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы үндеуінде айтып берді. «Біз бюджеттік шығындарды максималды тиімді болатын бағыттарға қайта бұрамыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 млрд теңге бөлінеді», — деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.

https://www.inform.kz/kz/koronavirus-otandyk-kasipkerlerdi-koldauga-300-mlrd-tenge-bolinedi_a3625490

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *