Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Әскери бөлімнен қару алып қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақты алып қашып кеткені хабарланды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуе күштеріне қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісімшартпен қызмет ететін кіші сержант рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған.

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың айтуынша, оны ұстауға ҚР Ішкі істер министрлігінің күштері жұмылдырылған болатын.

https://www.inform.kz/kz/askeri-bolimnen-karu-alyp-kashyp-ketken-askeri-kyzmetshi-ustaldy_a3616975

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *