ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 125 ТҰЛҒА ӘР САЛАДА ӨЗ КӘСІБІН АШҚАН

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 125 ТҰЛҒА ӘР САЛАДА ӨЗ КӘСІБІН АШҚАН

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруда тұтас қоғамның санасын жаңғыртудың бағыттары бойынша Әл-Фараби ауданының әкімі төмендегідей нәтижелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, бәсекелік қабілет бағытында «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы жүзеге асып, аудан тұрғындарына 34 жиналыс ұйымдастырылған. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 650 адам «Атамекен» кәсіпкерлік қолдау орталығына тіркеліп, оның ішінде 125 тұлға әр түрлі салада өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алған.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті алған 2249 отбасы жанұялық кәсібін ашып, дамытқан. Оның ішінде: 760 отбасы тігін цехтарын, 550 отбасы кондитерлік өнімдер шығарса, 743 отбасы мал шаруашылығымен, 128 отбасы сұлулық салондарын, 45 отбасы ағаш өңдейтін цех, 23 отбасы егін шаруашылығымен айналысуда.

Әл-Фараби ауданы бойынша бірегейлікті сақтау бағытында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту мақсатында 10 іс-шара ұйымдастырылған.

404 даңғыл, көше мен өткелдердің 41 көшесіне жаңадан атау беру үшін тиісті басқармаға ұсыныс жолданған.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік маңызы бар11 мерекелік іс-шара, 10 кәсіби, 25 қайырымдылық іс шаралар өткізілді.

Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ 15 рет кездесу өткізіп, оған 20000-ға жуық аудан тұрғыны қамтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *