Теракт жасауды мақсат еткен террористік топтың мүшелері ұсталды — ҰҚК

Теракт жасауды мақсат еткен террористік топтың мүшелері ұсталды — ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымды ұстанатын 5 адамды ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитетке сілтеме жасап.

Фото:КНБ РК

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. «Оларға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік акті жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасуда.

https://www.inform.kz/kz/terakt-zhasaudy-maksat-etken-terroristik-toptyn-musheleri-ustaldy-ukk_a3610449

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *