Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/turkiyada-jer-slkns-saldaryinan-kaza-tapkan-adamdar-sanyi-31-304527/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті - © REUTERS

Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті, — деп хабарлайды Anadolu агенттігі құтқару қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін, 29 адамның қаза тапқаны және 1466 адамның жарақат алғаны айтылды. 44 адам үйінділер астынан шығарылды. Жұмағада 6,8 балдық жер сілкінісінің ошағы Елазығ провинциясындағы Сивридже қаласында болды. Кейінірек 4 балдық 228 автершок тіркелді.  Жер асты дүмпулері Шығыс Түрік провинцияларындың Адана, Хатай, Османия, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери қалаларында, сондай-ақ Сирияның солтүстігінде сезілді.

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу құтқарушылар үйінділерді қарап жатқанын хабарлады, олардың астынан тағы 30 адам табылуы мүмкін.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/turkiyada-jer-slkns-saldaryinan-kaza-tapkan-adamdar-sanyi-31-304527/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *