Түркістан облысының 2019 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Түркістан облысының 2019 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

2019 жылдың қорытындысымен өңірдің оң серпінді дамуы сақталып, макроэкономикалық көрсеткіштері келесідей болып қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 498,4 млрд. теңгені, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,3% құрады (РК – 103,8%, 7 орын). (Жоспар – 100%).

Анықтама:

—        кен өндіру өнеркәсібі – 219,7 млрд. теңге, НКИ – 107,3%;

—        өңдеу өнеркәсібі – 244,7 млрд. теңге, НКИ – 102,8%;

—       электрмен жабдықтау – 27,1 млрд. теңге, НКИ – 108,7%;

—     сумен жабдықтау – 7,0 млрд. теңге, НКИ – 132,9%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 629,8 млрд. теңгені, немесе 104,7% құрады (РК – 100,9%, 4 орын). (Жоспар – 103,6%).

Анықтама: Мал шаруашылығы – 271,4 млрд. теңге, 103,6%.

                  Егін шаруашылығы – 355,3 млрд. теңге, 105,7%.

Инвестиция көлемі 441,2 млрд. теңгені құрады немесе 138,5% жетті (РК – 108,5%, 2 орын). (Жоспар – 100%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 182,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 129,1% құрады (РК – 112,9%, 4 орын). (Жоспар – 102%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы            620,4 мың шаршы метрді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 160% құрады (РК – 104,9%, 1 орын). (Жоспар – 550,6 мың ш.м.).

Тұтыну бағаларының индексітатистикалық мәліметке сәйкес) 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айы 2018 жылдың  қаңтар-желтоқсан айына 105,1% құрады (РК – 105,3%).

Анықтама:  Азық-түлік тауарлар – 108,5% (РК – 108,2%), азық түлік емес тауарлар – 104,8% (РК – 105,7%), ақылы қызметтер – 101,2% (РК – 101,2%) құрады.

Бөлшек сауда көлемі 164,0 млрд. теңгені, немесе 104,8% (РК – 105,8%, 4 орын). (Жоспар – 107,1%).

Тасылған жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-ға артты (РК – 102,2%, 7 орын).

Тасылған жолаушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 103,4% құрады немесе жолаушылар айналымы 8,2%-ға артты (РК – 104,9%, 4 орын).

Байланыс қызметінің көлемі 6,0 млрд. теңгені, немесе 111,3% құрады. (РК – 105,2%, 1 орын).

Жалпы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы осындай болып қалыптасып, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *