Шымкентте бюджет қаржысын жымқырғандар анықталды 

Шымкентте бюджет қаржысын жымқырғандар анықталды

Шымкентте мемлекеттік қазынаның қаржысын жымқырғандар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық прокуратура мамандары, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қаладағы жылу құбырлары желілерін қамту жұмыстарына бөлінген 33 млн теңге сомасындағы бюджет қаржысын жымқыру дерегін әшкерлеген. Шаһардың коммуналдық саласына жауапты бұл басқарма тіпті іс жүзінде атқарылмаған жұмыстарды қосып алу дерегі бойынша да 7 млн теңгені қалтаға баспақ болыпты. Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл кезеңде басқармаға Нұрлан Аманқұлов жетекшілік еткен. Аталған екі дерек бойынша арнайы прокурорлармен сот алды тергеу амалдары жүргізіліп, мемлекетке келтірілген залал өтелген.

Шымкентте бюджет қаржысын жымқырғандар анықталды  

Руслан Зауырбеков, қалалық прокуратураның аппарат басшысы:  «– Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында қаладағы жылу құбырларын қамту жұмыстарына бөлінген 33,2 млн теңге соммасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Сонымен қатар 7,3 млн теңге болатын іс жүзіндегі атқарылған жұмыстарды қосып алу дерегі, ұзындығы 6500 мың метр жылу жүйесін қайта құру барысында да орын алған. Бұл деректер бойынша біздің арнайы прокурорлармен тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс ақталмайтын негізімен қысқартылды», деп атап өтті құзырлы орган өкілі.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/365567-shymkentte-byudzhet-arzhysyn-zhym-yr-andar-any-taldy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *