Консультативтік кеңесте мүгедектерге көрсетілген әлеуметтік қызметтердің тиімділігі талқыланды

Консультативтік кеңесте мүгедектерге көрсетілген әлеуметтік қызметтердің тиімділігі талқыланды

Шымкент қаласының прокуратурасында Консультативтік Кеңестің отырысы өтті, онда мүгедектерге және қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігі мен осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы және алимент өндіру мәселелері қаралды.

Аталған сұрақтардың маңыздылығы Мемлекет басшысының халыққа «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, қаламызда тіркелген 36 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат құқықтарының сақталуы және кәмелет жасына толмаған балалардың құқықтарының сақталуымен байланысты.

Қала прокуратурасы тексеру нәтижесімен мемлекеттік уәкілетті органдарға енгізген прокурорлық қадағалау актілері негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасайтын «Асыл Мирас» атты аутизм орталығы ашылды, балаларды үйден оқытқаны үшін мұғалімдерге 62,3 млн. теңге үстемақы төленді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда басты проблемалық мәселе ол, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдау екені анықталып, прокуратура «Инватакси» қызметінің көрсетілуіне талдау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде аталған қызметке а.ж. 71,4 млн. теңге мемлекет қаржысы қарастырылғанымен, ол өтініш берген 559 мүгедек азаматтардың жартысын ғана тасымалдауға жеткілікті екенін көрсетіп отыр.

Сондықтан, Кеңес мүшелері бұл мәселенің өзекті тақырып екенін ескерере отырып, әкімдікке жолданған прокурорлық ұсынудың нәтижесін халықпен бөлісуді ұсынды.

Кеңес отырысы алимент өндіру туралы атқару құжаттарының орындалу жағдайымен жалғасты. Статистикалық мәліметтерге сай 2019 жылы алимент өндіру туралы 12 370 атқарушылық өндірістері қозғалған.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы 124 млн. теңге алимент қарыз берешегі өндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны 2018 жылмен салыстырғанда 44%-ға төмендетілген.

Дегенмен, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауына байланысты 125 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кеңес төрайымы Роза Пак, прокуратураның бастамасы негізінде алимент өндіру туралы жұмыс орны жоқ борышкерлерге арнап «Жұмыс жәрмеңкесі» тұрақты ұйымдастырылып отырғанын сөзге тиек етіп, бүгінгі таңда жұмыс орны жоқ алимент берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру 92%-ға артқанын атады.

Мәжіліс қорытындысымен, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары және кеңес мүшелерінің жаңа мүшелері сайланды.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *