Түркістан облысында судья пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында судья пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік сотының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында судья пара алды деген күдікке ілінді -

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық дерегін анықтады. «2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды. Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексеріліп жатыр», — делінген хабарламада.  Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/turkstan-oblyisyinda-sudya-para-aldyi-degen-kudkke-lnd-303354/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *