«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерін, букмекерлік кеңсе, дүкендер мен демалыс орындарын аралап, рейд жүргізді.

 

Тексеру барысында түнгі уақытта жүрген 6 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, 1 жайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды. 7 білім беру ұйымдарының оқушыларына Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері жасөспірімдер

 

арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәрістер өткізді.

 

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *