ЖАС ДЕПУТАТТАР БАС ҚОСТЫ

Шымкент қаласы Жастар мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

Жастар жылы аясында жастарға жаңа серпін беріп, қаланы, қоғамды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Жастар мәслихаты» құрылған болатын. Бүгін шымкент қаласы Жастар мәслихатының алғашқы отырыс болып өтті.

Отырысқа Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы, қала мәслихатының хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы және жастар мәслихатының депутаттары қатысты.

Жиында жаңадан қалыптасқан жас мәслихат депутаттарының қызметін жүйелендіру мақсатында жоспар құрылды. Отырысқа бірқатар жастар мәслихатының депутаттары латын әліпбиіне ауысу мәселелері бойынша және жастар арасындағы жұмыссыздық , денсаулық, кәсіпкерлігін дамыту туралы ұсыныс-пікірлерін айтты.

Алдағы уақытта жастар қала депутаттары және басқа да тиісті сала мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасуы ұйымдастырылады. Мәслихат депутаттары қала жастарының өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстар жолдайтын болады.

Нәтижесінде барлық санаттағы жастардың пікірлері ескеріліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ, базалық қалыптасқан жастар мәслихатының депутаттары мәслихат сессиясына қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жастар арасында ақпараттық – насихаттық шараларды жүргізуге үлес қосатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *