ҮЗДІК ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында футзалдан желілік спарткиада мәресіне жетті. Үш күнге созылған додаға еліміздің 7 өңірінен келген 84 оқушы бақ сынасып, өзара кіл мықтыны анықтады.

Жарыс Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.

Үш күн бойы ұлдар мен қыздар арасындағы 12 команда сынға түсіп, тартысқа толы турнир нәтижесі бойынша ұлдар арасында Павлодар ХББ команда чемпион атанса, ІІ және ІІ орындарға Нұр-Сұлтан және Қарағанды өрендері тұрақтады.

Қыздар арасында алматылық команда жеңіске жетсе, ІІ орынды — Қарағанды, ал ІІІ орынды Шымкент ХББ командасы ұтып алды.

Рая Ұлан (Алматы ХББ) мен Ермат Алихан (Павлодар ХББ) «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

«Үздік қақпашы» аталымы Индира Дулатова (Қарағанды ХББ) мен Алишер Қақабайға (Павлодар ХББ) бұйырды.

Ал Назерке Бекбосын (Алматы ХББ) мен Ануар Тұрлыбай (Қарағанды ХББ) үздік шабуылшы атанды.

«Үздік қорғаушы» номинациясына Әнелі Әмірхан (Шымкент ХББ) мен Темірлан Омаргазин (Нұр-Сұлтан IB) лайық деп танылды.

Айта кетейік, елімізде 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *