Қар барысы әлемнің тек 12 елінде ғана кездеседі

Қазанның 23-і күні әлем Халықаралық қар барысы күнін атап өтеді.

Қар барысы әлемнің тек 12 елінде ғана кездеседі

Атаулы дата қарсаңында «Барыс» пен Ресейдің «Витязь» хоккей клубтары арасындағы континенталды хоккей лигасы ойындары аясында «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтті. Қар барысы әлемнің тек 12 елінде ғана кездеседі. Бүгінде саны 4 мыңның көлемінде деген болжам бар. Соның 150-ге жуығы Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары мен қорықтарын мекендейді. Елімізде қар барысын және оған қажет экожүйені сақтау жөнінде Біріккен Ұлтар Ұйымының  Даму бағдарламасы бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы шара барысында балаларға арнайы спорттық және танымдық ойындар ұйымдастырылды.   Талғат Кертешов, БҰҰ даму бағдарламасының ұлттық менеджері: – Біз қорғап келесі ұрпаққа жеткізу үшін оған белгілі бір шаралар қолдануымыз керек. Оларды заңсыз аулауды тыйым салу. Қар барысының терісі өте қымбат бағаланады. Халықаралық ату мәселелері бар, соның бәрін осы 12 елдің арасында бірлесіп, тежеу қойып, қар барысын болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің басты мақсатымыз.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/348878-ar-barysy-lemni-tek-12-elinde-ana-kezdesedi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *