ТМД елдері ортақ визалық жүйе әзірлеуі керек – Қ.Тоқаев

ТМД елдері ортақ визалық жүйе әзірлеуі керек – Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікменстандық әріптесімен кездесуден кейін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты., деп хабарлады Хабар 24

Жиында президент ТМД елдері аумағында ортақ визалық жүйе енгізу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл қадам туристік саланы дамытуға сүбелі үлес қосар еді деді. Өйткені ТМД ұйымына мүше мемлекеттерде көрікті орындар көп. Бірақ кейбір елдер визалық және миграциялық жүйемен жұмыс істейді. Бұл туристердің жаппай ағылуына кедергі келтіріп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — ТМД аумағында ортақ визалық жүйе енгізу керек деп ойлаймын. Оны шенген келісімі негізінде әзірлеу қажет. Егер осы бастама қолдау тапса, өзге мемлекеттерден келетін туристердің саны артар еді.  Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасындағы байланысты тереңдету жайына ерекше тоқталды. Туризмнен бөлек еркін сауда экономикалық әріптестікке, электронды коммерцияға және қызмет көрсету саласына баса мән берді. Айта кетейік, дәл осы сәттерде Ашхабадта ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтіп жатыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/346991-tmd-elderi-orta-vizaly-zh-je-zirleui-kerek-to-aev

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *