ІШКІ САЯСАТТАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Президент жолдауын насихаттау мақсатында Шымкентте 125 кездесу өткен. Оған 20 000 адам қатысқан. Бұл жайында Ішкі саясат және дін істері басқармасының есеп беру жиынында айтылды. Басқарма 6 саяси партия филиалдары, 400-ден аса үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста. 90-ға жуық қоғамдық ұйыммен бірлесіп жұмыс істейді. Алдағы уақытта «Азаматтық орталық» ашуды көздеп отыр.

Басқарманың ұйытқы болуымен үкіметтік емес ұйымдармен 57 шара өткізілген. 5 бірлескен жоба қолға алынды. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 135 діни бірлестіктің жұмысы жолға қойылған.  Басқарма ықпалымен 104 мешітке бейнебақылау камерасы орнатылды. 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 4 негізгі міндеті басшылыққа алынған.

Жанар Бектаева- Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

Қала әкімдігінің ресми сайтында «Виртуалды қабылдау блогы іске қосылды. Онда БАҚ-та жарияланған мақалалар бойынша «Кері байланыс» жүйесі іске қосылды.Жоба аясында қаладағы 155 БАқ қызметіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде заң талаптарын бұзған 7 факт анықталды.

Жанар Бектаева- Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

Алдағы уақытта басқарма ұлт зиялылары мен Алаш ардақтыларын ұлықтауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, «Шырайлы Шымкент», «Таза қала», «Тұлпар мініп, ту алған» шараларына мұрындық болмақ. Сондай-ақ, БАҚ арасында бірқатар байқауларды жариялайтын болады.

Д.Өмірзақова                                                         «On'tu'stik» телеарнасының ресми сайты          

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *