Түрмеге телефон кіргізбек болған кісі ұсталды

Түрмеге телефон кіргізбек болған кісі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі жедел бөлімінің уәкілдері сотталғандарға мобильді құрылғыларды лақтырмақ болған шаһар тұрғынын қолға түсірді, деп мәлімдеді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс-әрекет бүгін күндізгі 11.00 шамасында орын алған. Кезекші Қайнар Рахманбердиев бейнебақылау арқылы мекеменің Барболов көшесі бойында қоршау маңын торуылдап жүрген ер азаматты күдікті деп танып, уақыт жоғалтпастан тиісті бөлім қызметкерлеріне хабар береді.

Бақылаушылар жүріс-тұрысын назар аудара келе мекеменің 4-ші күзет аумағына қоршау асырып, белгісіз затты лақтырғанын байқаған. №6 жасақтың оқшауланған аумағына бағытталған күмән тудырар зат жедел тәркіленіп, күдікті азамат құрықталды.

Оқиға орнына Тараз қаласы бойынша ІІБ 1 Полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылып, лақтырылған қорап ашылды. Шұлыққа оралған қорап ішінде 4 бірдей су жаңа ұялы телефон бар екендігі анықталып отыр.

Осыған байланысты 25 жасар тараздық тұрғынға С.К.П. қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481 бабына сәйкес жазалау мақсатында іс сотқа жолданбақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *