Мемлекет басшысы жаңа «Jekpe-Jek» сарайына барды

Нұр-Сұлтан қаласы, «Jekpe-Jek» сарайы

Жастар жылын атап өту аясында «Jekpe-Jek» сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.

Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *