Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

 Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлады ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *