21 адам жарақат алған автобус апатына қатысты сот үкімі шықты

21 адам жарақат алған автобус апатына қатысты сот үкімі шықты

Фото: кадрдан үзінді

Алматыда Төле би мен Абылай хан даңғылының қиылысында соқтығысқан автобустардың жол көлік оқиғасына орай сот үкімі шықты, — деп хабарлады Massaget.kz тілшісі.

Бағдаршамға үлгеремін деп бір адамның өліміне сеп болған автобустар апатына қатысты сот үкімі сегіз айдан кейін шығарылды. 201 және 98 автобустардың қатысуымен болған апатқа жеке компанияға тиесілі № 98 автобус жүргізушісі кінәлі деп танылды. Абсадыков адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот шешімімен  5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Оған қоса зардап шеккендердің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден төлейтіні айтылды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Десек те, айыпталушы Абсадыковтың адвокаты мен қоғамдық қорғаушысы (әйелі) сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

«Абсадыков бағдаршамның сары түсіне өткен. Абылайхан даңғылы басымдық жол. Оны кесу сызығын өткен кезде сары түстің жанғанын айтып, бір ғана дәлелмен айыптаған. Мен бұнымен келіспеймін.  Жол жүру нормасының 5 бөлім 14-тармағы бойынша жол қиылысы бос болған жағдайда, кедергі болмаған жағдайда жүруге рұқсат береді. Абдуллаев түсініксіз психикалық жағдайда болды. Ешқандай кедергісіз келіп соғуы мүлде түсініксіз», -деді айыпталушының адвокаты.

Сонымен қатар айыпталушы өзінің соңғы сөзінде сот орындаушылары келтірген дәлелдерін елемегендігін айтып, мәселені қайта қарауды сұрады.

«№201 автобустың жүргізушісі Азатжан Абдоллаев жүргізген автобус Алматы қаласы әкімдігіне қарайды. Сол себепті Абдоллаевтың қателіктері қанша рет айтылса да, қоғамдық қорғау органдарының қызметкерлері көрмей, тіпті байқамай отыр. Менің түсінігім, адам құқығын сотта қорғау үшін мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу керек екен. Сотта жәбірленуші тараптың арыз шағымдары ескеріледі деп ойлап едім»,- деді айыпталушы Абсадыков.

Айта кетейік, 2022 жылы 8-қарашада Төле би мен Абылай хан даңғылының қиылысында Алматы әкімдігі мен жеке тасымалдаушы компаниялардың біріне тиесілі қоғамдық көліктер соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болып, 21 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *