Шымкентте көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

Шымкентте көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

Тергеу амалдары жүргізілуде

Шымкентте көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

Ашық дереккөздерден

ҚР ҰҚК-ның Шымкент қаласындағы департаменті және қалалық ПД-ның жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлесе өткізген жедел іс-шаралары барысында демалыстағы көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлады Qaz365.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай пара алды деп күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Бұған дейін маусым айының басында Қарағандыда полиция подполковнигі пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *