АППАРАТ БАСШЫЛАРЫ САЯСИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР САНАТЫНА КІРЕДІ

Бұдан былай облыс әкімі аппаратының басшылары саяси мемлекеттік қызметшілер санатына кіреді. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Еркеғали Әлімқұлов қайтадан тағайындалды.
Возможно, это изображение 1 человек и отдел новостей
Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы, 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандықтары: кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды. Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2023 жылдың 11 қаңтарында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *