Мұхамедиұлының соңғы сөзі: ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырды дегенге емес

Мұхамедиұлының соңғы сөзі: ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырды дегенге емес

 Астана қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзінде кінәсін мойындамайтынын, Қазақстан заңын бұзбағанын мәлімдеді.
«Құрметті судья, бұл жерде тек төрт адамның ғана емес, Алтын адамның да тағдыры сіздің қолыңызда. Жекеменшік аудиторлық компанияның қате қорытындысынан елдің мақтанышы неге зардап шегуі керек? Ақша жымқыру да, сөз байласу да болған жоқ. Ештеңе дәлелденбеген», — деді экс-министр сотта.
«Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың керемет мақалы бар: «Өлімнен ұят күшті». Мен алпыс жыл лайықты өмір сүрдім», — деп мәлімдеді сотталушы.
Мұхамедиұлы әділдік орнайтынына сенетінін және үміттенетінін айтты.
Бұған дейін прокурор бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетері, сотталушылар орындығында тағы үш адам — Алмаз Нұразхан (Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары), Азамат Көшенов («Экспонат» ЖШС директоры) және Айым Сәдуақасова («Экспонат» ЖШС бухгалтері) бар. Мемлекеттік айыптаушы оларға 8 жыл сұрап отыр. Еске салсақ, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылғы мамырдан бері қамауда отыр.
Оған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушылар 221 млн теңге жымқырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *