«Пышақпен қорқытқан». Ақтөбеде ер адам тапа-тал түсте дүкенге шабуыл жасаға

«Пышақпен қорқытқан». Ақтөбеде ер адам тапа-тал түсте дүкенге шабуыл жасаға"Пышақпен қорқытқан". Ақтөбеде ер адам тапа-тал түсте дүкенге шабуыл жасаған

Фото: Видеодан алынған кадр
Ақтөбеде ер адам тапа-тал түсте дүкен тонаған, — деп хабарлады Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

30 мамырда полицияға 102 нөмірі арқылы Ақтөбедегі автокөлік бөлшектері дүкеніне шабуыл жасалғаны туралы хабарланды. Сатушының айтуынша, белгісіз біреу пышақпен қорқытып, кассадан 15 мың теңге алып кеткен.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын мойындады, кейін уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі «Тонау» бойынша соталды тергеу басталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *